Иранда ел президенті Хасан Руханидың жарлығымен сейсенбі күні COVID-19-ға қарсы ресейлік «Спутник V» препаратымен вакцинациялау басталды, деп хабарлайды ИРНА агенттігі.
Тегерандағы Имам Хомейни ауруханасында өткен ресми жиынға Иранның денсаулық сақтау министрі Саид Намаки қатысты.
Иранда «Спутник V» ресейлік вакцинасын бірінші болып алған адам елдің денсаулық сақтау министрінің ұлы болды.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бірінші кезеңде вакцинаны қарқынды терапия бөлімшесінің медициналық қызметкері алады. Вакцинация тегін жүргізіледі.
4 ақпанда Тегеранға «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы тиелген ұшақ келген болатын. Елге сондай-ақ, осы айдың ішінде AstraZeneca вакцинасының 4,2 млн дозасы жеткізіледі. Сонымен қатар, Иран коронавирусқа қарсы вакцинаны Қытай мен Үндістаннан сатып алуды жоспарлап отыр.