Иранда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша антирекорд тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.
«Елде бір тәулікте 27 146 адам індетке шалдыққан және 268 адам қайтыс болған. Пандемия басталғаннан бері елде ауру жұқтырғандардың жалпы саны 3 691 432 адамға жетті, елдің 88 800 тұрғыны ауру салдарынан қайтыс болды. Реанимация палаталарында 4 863 науқас емделуде», - деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігі.
Сонымен қатар COVID-19 вирусына қарсы вакциналаудың I компонентін 7 871 104 адам, ІІ компонентін 2 394 707 адам салдырды. Иранның жалпы халық саны 83 миллионнан астам адамды құрайды.