11 ақп, 2021 сағат 18:02

Иранда 60 млн халыққа коронавирусқа қарсы вакцина салынады

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар орталығы басқармасы коронавирусқа қарсы екпе алу бағдарламасын жариялады, деп хабарлайды ИРНА агенттігі.

Бағдарламаға сәйкес, келер жылы 60 млн адам, яғни күн сайын 210 000 адам екпе алады. 

Бағдарламаның мақсаты – бірінші кезеңде өлім деңгейін азайту және вирустың екінші адамға берілуі мен эпидемияны тоқтату. 

Келер жылы тұрғындардың 70%-ы, яғни 60 миллионға жуық адам екпе алады.