16 қаз, 2020 сағат 09:48

Интернетті ауыл үйлеріне тарту жұмыстары субсидияланады

Ауыл үйлеріне интернет тарту бағытында субсидия ескерілмек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта ауылдық елді мекендерде сымды телефония қызметтері мен пошта қызметтері жыл сайын 8 млрд теңгеге субсидия алуда. Біз енді интернетті ауыл үйлеріне дейін жеткізу үшін телеком операторларын ынталандыру ретінде оптикалық байланыс және басқа технологиялар арқылы қосылған интернетті үйге жеткізуді субсидиялайтын боламыз», - деді министр цифрландыру тақырыбы бойынша Сенатта өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Нәтижесінде, ауылдық елді мекендердің тұрғындары қазіргі заманғы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік алады.