#
#
Жұма 05/03/2021

Интернетте диcсертация жазатындардың жарнамасы толып жүр - сенатор

  • 04.02.2021
  • 0
  • 2469

Сенат депутаты Сәуле Айтбаева интернетте диисертацияны ақылы жазу жөніндегі жармананың толып жүргеніне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Интернетке кіріп «докторлық немесе кандидаттық диссертацияны сатып алу» деп теріп қалып едім, 46 секундттың ішінде осындай қызметті ұсынатын 3300 нәтиже шыға келді. Zakaz-kz сайтының ішінде тіпті «уақытыңызды үнемдеп, керекті диссертацияны аласыз, оны біліктілігі жоғары мамандар жазады» деп, бағасына дейін көрсетілген. Тіпті сол ғылыми жұмыстарды жасаған адамдарды мақтау сөздеріне дейін салып қойыпты. Бұл бағытта плагиат көбейіп, сапа төмендеп кетті. Ал Қазақстанның ғылымы туралы мақала интернетте өте аз. Осыны қалай шектейміз?» - деп сұрады депутат Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қариновадан.

Бұл сұраққа жауап берген вице-министр бұл мәселеден Білім және ғылым министрлігі хабардар екенін мәлім етті.

«Қазір бұл проблемаға мониторинг жасап отырмыз. Білім және ғылым министрлігі жыл сайын қабылданып жатқан нормативті-құқықтық құжаттар ғылыми ұйымдардың өзіне, ғылыми атақ алу тәртібіне қойылатын талаптарды талдауға бағытталған. Бұған дейін қандай шаруалар атқарылды? Плагиат және ғылыми қызметкерлердің мойындалуы тұрғысынан бірқатар талап күшейтілді. Ғылыми қызметкерлер арасында бұл мәселені кеңінен талқыладық. Мәліметтерді қарап отырсақ, жыл сайын докторантурға бөлінетін гранттар саны 2 мыңды құрайды. Одан бөлек өз қаражатымен түсетін адамдардың саны 200-ден асады. Шамамен осының ішінде 200-ге тарта ғылыми еңбек бағаланып, оларды жазған адамдарға ғылыми атақтар беріліп жатыр», - деді ол.

Вице-министр осылайша талаптарды күшейте отырып, ғылыми еңбектердің алдымен шетелдік журналдарда мойындалуына маңыз берілетінін атап өтті.

«Еңбектің ағылшын тілінде жариялануын да талаптардың бірі етіп алдық. Себебі әлемдегі ғалымдар да бір мәселені зерттеу кезінде осы еңбектерді оқи алатындай болуы керек», - деді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар