Ел көлемінде мектепті үздік бітірген оқушыларға арналған «Алтын белгі» медалінің сатылуына қатысты ҚР Білім және ғылым министрлігі түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алтын белгі» – атаулы медаль. Ол жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатымен бірге беріліп, құжатына алушының аты-жөні жазылады. Яғни, «Алтын белгі» иелерінің артықшылықтарын пайдалану үшін оны біреуге беру немесе сату мүмкін емес», - деп жауап берді ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әбдіуәлиева.
Оның айтуынша, аталған медаль жеке коллекционер немесе нумизматтар үшін қызықты болуы мүмкін.
Айта кетсек, әлеуметтік желіде «Алтын белгі» сатылады» деген жарнама тараған еді.