05 қыр, 2020 сағат 13:15

Инклюзивті білім беру туралы үздік материалға республикалық байқау жарияланды

«Болашақ» қоры журналистер мен әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында инклюзивті білім беруді жариялау бойынша үздік материалға жыл сайынғы байқауды бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Конкурс 5 аталым бойынша өткізіледі: телевизиялық жұмыс, әлеуметтік ролик, баспасөз бетіндегі жарияланым, интернет-мақала және интернет-жарияланым/пост. 

Өтінімдер 2021 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады. Жеңімпаздардың есімдері Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні, яғни 2021 жылғы 2 сәуірде жарияланатын болады. 

Конкурс арқылы ұйымдастырушылар даму ерекшеліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеудің практикасы мен сәтті тәжірибесін атап өтіп, азаматтарды инклюзивті білім берудің міндеттері мен артықшылықтары туралы ақпараттандыру процесіне журналистер мен әлеуметтік желі пайдаланушыларды тартуға тырысады.

Қазылар алқасының құрамына белгілі журналистер, медиа жетекшілері және жанашыр азаматтар кірді.

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 1 500 000 теңге.