Алматыда блокпостан өту үшін облыс тұрғындарынан infoalmaty порталына 100 мыңнан аса өтінім түскен, – деп хабарлайды Алматы Бизнес-штабы.
«www.infoalmaty.kz порталына 2020 жылдың 12 мамырынан түскен өтініштер Сергек базасына берілді. Бұл мәліметтерде кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалар мен Алматыда тіркелген тұрғындардың аты жөні көрсетілген. Қайтарылған өтініштерді түзетіп қайта тапсыруға болады», - деді Алматы Бизнес-штабының телеграм каналында.
Блокпостарды кесіп өтуге 13-14 мамырдан берілген өтініштерді де штаб өкілдері қарап, өңдеуге жіберді.
«Өтініштердің көп түсуіне байланысты техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, синхронизация процесі кешкі 7-8 аралығында аяқталады деп ойлаймыз», - деді штабтан.
«Сергек» жүйесінде екі база бар. Біріншісі - планшет арқылы қаланың ішіндегі азаматтардың жүріс тұрысы бақыланады. Екіншісі арқылы блокпост арқылы өтетін азаматтар тексеріледі.