15 қаң, 2021 сағат 09:05

Индонезиядағы жер сілкінісі: 26 адам қаза тауып, 600-ден астамы зардап шекті

Индонезияда өткен тәулікте болған бірнеше жер сілкінісінен кем дегенде 26 адам қаза тапты. Бұл туралы France-Presse (AFP) агенттігін хабарлады.

«Соңғы дерек бойынша, 26 адам қаза тапқан, олардың барлығы - Мамуджу қаласының тұрғыны», - деді табиғи апаттар салдарын жою агенттігінің қызметкері. Сондай-ақ ол құрбандар санының әлі де өсуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Егер жаңа жерасты дүмпулері бұрын тіркелгендерден гөрі күштірек болған жағдайда цунамидің болу қаупі бар. 

Мамуджу қаласындағы аурухана ғимаратының үйінділері астында 10-нан астам адам қалып қойған.