17 қаң, 2021 сағат 09:46

Индонезияда жер сілкінісі құрбандарының саны артты

Осы аптада Индонезияны дүр сілкіндірген жер сілкінісі құрбандарының саны 56 адамға дейін артты, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Жұма күні Дүлей апаттардың салдарын азайту агенттігі (BNPB) Индонезияның Батыс Сулавеси провинциясында болған екі жер сілкінісінен 42 адам қаза тапқанын хабарлаған болатын. Бірінші жерасты дүмпуі – 6,2 балл, екіншісі 5,9 балл қуатымен болды. 

BNPB мәліметтері бойынша, 6,2 балдық алғашқы жер сілкінісінен кейін 820-дан астам адам жарақат алып, 15 мыңға жуығы үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды. Куәгерлердің айтуынша, кейбіреулер таулардан пана іздеген, ал басқалары эвакуациялық орталықтарға барған.

Зілзала эпицентрі Сулавеси аралының батысындағы Мамуджу қаласының маңында орналасқан. Жерасты дүмпулері адамдар ұйқыға кеткен уақытта, түнде болған. Бұл фактор зардап шеккендердің көп болуын түсіндіреді.