Ақсулық музыкант Иманбек Зейкенов ескерткіш орнатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Диджей әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирге шығып, өзіне ескерткіш орнатқалы жатқаны туралы қауесетті жоққа шығарды.
Айта кетейік, БАҚ-та Иманбекке ескерткіш орнатқалы жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.
- Бір ай бұрын маған Ақсудағы саябақта немесе жағалауда Грэмми сыйлығының мүсінін орнату туралы ұсыныс жасалды,- деді Иманбек Зейкенов.
Белгілі музыкант оған қарсылық білдірмеген.
- Тілшілер сөзді бұрып жіберген. Енді адамдар мен өзіме ескерткіш орнатуды сұрады деп ойлауда. Мен ондай адам емеспін. Өзіңе ескерткіш орнатуды сұрау — нағыз бетсіздік деп санаймын ,- деді музыкант.
Еске салайық, Иманбек Зейкенов 2021 жылдың наурыз айында «Roses» әніне жасаған ремиксі үшін әлемдік «Грэмми» сыйлығын жеңіп алды.
Ол ТМД елдері арасында бұл сыйлықты иеленген алғашқы адам.