#
#
Дүйсенбі 21/09/2020

Илья Ильин жоғары оқу орнында дәріс беретін болды

  • 05.06.2020
  • 0
  • 411

Белгілі ауыр атлет Илья Ильин алдағы оқу жылынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жастарға дәріс беретін болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Илья Ильин аталған жоғары оқу орнында білім алған. Ауыр атлет университет ректоры Бейбіткүл Кәрімовамен жүздесу барысында ұстаздарына өзінің ризашылығын жеткізді. Оған білім алушы жастарға дәріс беру ұсынысы айтылды. Кездесуде университеттің спорт саласындағы жетістіктерін арттыру мақсатындағы жұмыстар мен Илья Ильин мектебін қалыптастыру мәселесі талқыланды. Бұл ұсынысты ауыр атлет қабыл алды. 

Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ауыр атлет 2005, 2006, 2011, 2014 жылдары әлем чемпионы болды. Екі Олимпиадаға қатысып, жоғары деңгейде шеберлігін көрсетті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар