#
#
Жексенбі 09/08/2020

Илья Ильин ауруханаға түсіп қалды

  • 07.07.2020
  • 0
  • 296

Қазақстандық ауыр атлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Спортшы өзінің Instagram парақшасында дәрігерлерге арнап видеоүндеу жолдады. 

«Мен бұл видеоны жүктегім келмеді, бірақ қазіргі қал жағдайымды жазғаным дұрыс деп шештім. Қазір бәрі ойдағыдай. Видеода бәрін қысқаша айттым. Дәрігерлерімізге көп рақмет! Қазір сіздер үшін өте қиын кезең екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Сіздерге бүкіл Қазақстан халқы үмітпен қарап отыр» деп жазады Илья Ильин. 

Өзінің айтуынша, ауыр атлет алты күннен бері ауруханада жатыр. Ол коронавирус жұқтырмаған, күйзеліске байланысты аллергиялық реакция болған. Қызылордалық дәрігерлер әрең дегенде есін жиғызған. 

Қазір ол екінші күн қатарынан жаттығу жасап, ауруды жеңуге бар күшін салып жатыр. 

«Достар, өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз» деген спортшы өзінің жатқан палатасы мен қалай жаттығу жасап жүргенін көрсетеді. 

Еске сала кетейік, Илья Ильин таяуда ғана Қызылордадағы «Мұз сарайының» директоры болып тағайындалған еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар