Фото: instagram/mayemusk
Америкалық кәсіпкер және Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Масктың анасы Мэй Маск осы жылдың қазан айында Алматыға алғаш рет Орталық Азиядағы BeWoman әйелдер форумына қатысу үшін келеді. Бұл туралы іс-шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі хабарлады.
Қонақ алматылықтарға денсаулық, тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік, балаларды жалғыз тәрбиелеу, қиындықтарды жеңу және өзіне деген сенімділікті қалыптастыру жайлы айтып береді.
Мэй Маск екі ғылым магистрі дәрежесі бар диетология докторы. Ол 45 жылдан астам уақыт бойы тамақтану саласында өз бизнесін басқарып, кеңес береді.