Илон Маск әлеуметтік желіні сатып алу туралы келісім аяқталғаннан кейін АҚШ экс-президенті Дональд Трамптың Twitter-дегі аккаунтын бұғаттау туралы шешімді жоюға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNBC-ге сілтеме жасап.
Маск Дональд Трамптың аккаунтын бұғаттау дұрыс емес деп мәлімдеді.
"Бұл қате деп ойлаймын, өйткені бұл ел тұрғындарының көп бөлігін жирендіріп жіберді және Дональд Трамптың дауыс беру құқығынан айырылуына әкелмеді", - деді Илон Маск.
Ол, сонымен қатар, өмір бойы тыйым салу өте сирек болуы керегін және бұл шара тек боттар, алаяқтар және спам-аккаунттар үшін қажет екенін атап өтті.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бұл желіге оралатынынан қорқатынын мәлімдеген. Оған себеп Илон Масктың Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алуы.
Еске салайық, Twitter Дональд Трамптың аккаунтын біржола бұғаттаған еді. Кейінірек Американың бұрынғы басшысы әлеуметтік желіні ішпыстырарлық деп атаған, ол өз жазбаларын сол желіде жариялағанда ғана "қызық" платформа болғанын атап өткен еді.
775 рет оқылды