Америкалық танымал кәсіпкер, миллиардер Илон Маск адамдарды чиптеудің бағасын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, алғашында адамдарды чиптеудің бағасы қымбат болады. Бірақ кейін оның құны төмендеуі мүмкін.
"Біз оның бағасы бірнеше мың долларға арзандағанын қалаймыз. Оның ішінде автоматты режимде жүргізілетін хирургиялық операцияның бағасын қосу керек", - дейді кәсіпкер YouTube-те өткен онлайн көрсетілімде.
Илон Маск болашақта адамдарды чиптеу бойынша операция толығымен автоматтандырылған болуы мүмкін екенін жеткізді.