13 там, 2021 сағат 13:36

ИКАО Қазақстан авиациясының қауіпсіздік рейтингін 15-тен 84% көтерді


Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84% дейін көтерді. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15% жоғары. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

«Азаматтық авиация саласын басқарудың жаңа моделіне көшу жөніндегі Ұлт жоспарының 68-қадамын іске асыру шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен бірлесікен жұмысы ИКАО тарапынан жоғары бағаланды. Осылайша, 2021 жылдың 2-11 тамыз аралығында ұшу қауіпсіздігіне қатысты жүргізілген ИКАО тексеруінің алдын ала нәтижелері бойынша Қазақстан ИКАО стандарттарына сәйкестіктің орташа әлемдік деңгейінен 15% асып, 84% жетті», - деді министрліктен.

ИКАО стандарттарына сәйкестіктің артуы келесі салаларда тіркелді:

- Негізгі авиациялық заңнама (LEG) 61%-дан 81%-ға дейін;

- Азаматтық авиация ұйымы (ORG) 37%-дан 75%-ға дейін;

- Аэронавигациялық қызмет көрсету (ANS) 87%-дан 95%-ға дейін;

- Әуеайлақтар және жердегі қызмет көрсету (AGA) 56%-дан 90%-ға дейін;

- Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру (AIG) 47%-дан 53%-ға дейін. 

Осылайша, Қазақстан Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігіне (EASA) мүше елдердің ИКАО стандарттарына сәйкестігінің орташа деңгейіне (84%) қол жеткізіп отыр.

«Қазіргі уақытта осы көрсеткіш бойынша біз көптеген еуропалық елдерден жоғары орналасып отырмыз және Нидерланды – 87%; Бельгия – 87%; Португалия – 87%; Чехия – 87%; Латвия – 86%; Дания – 85%; Исландия – 84%; Польша – 84%; Словения – 82%, Кипр - 82% сияқты еуропалық елдермен қатар тұрмыз.

Нәтижелер жақын арада ИКАО сайтында ресми түрде жарияланады және барлық мемлекеттерге қолжетімді болады», - деп нақтылады ҚР ИИДМ-нан.