Ішкі істер министрлігі Серт» атты республикалық детективтік шығармалар конкурсын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Енді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, жазушыларға, құқық қорғау құрылымдарының ардагерлеріне және барлық шығармашылық ортаға пайдалы болатын тағы бір ақпарат: ІІМ Қазақстан тарихында алғаш рет «Серт» республикалық детективтік шығармалар конкурсын ұйымдастыруды қолға алды. Конкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізіледі. Байқаудың мақсаты – халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін, сондай-ақ қазақстандық патриотизмді арттыру. Ішкі істер органдарының қызметкерлерін Отанға қалтқысыз қызмет етуге, ант пен қызметтік парызға адал болуға тәрбиелеу», - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн баспасөз мәслихатында.
Конкурс ережелерімен Ішкі істер министрлігінің ресми парақшасында, әлеуметтік желілер мен Полиция.кз сайтында танысуға болады. Байқау қорытындысын елімізге танымал ақын-жазушылар, сыншылар мен әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, журналистер және ішкі істер органдарының ардагерлері шығарады.