Сәрсенбі күні Гвинея шығанағында пираттар Маршалл аралдарының туымен жүзген JANE сұйық химиялық заттарды тасымалдап жүрген кемеге шабуыл жасады. Бұл туралы теңіздегі қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандандырылған Dryad Global порталы хабарлады.
Пираттар ашық теңізде жүзген, бениндық Котону кемежайынан оңтүстік-шығысқа қарай 70 теңіздік мильде орналасқан кемені басып алуға әрекеттеніп жатыр. Әзірге экипаж құрамының саны мен оның мүшелерінің азаматтығы жарияланбай отыр.
Бұл – Гвинея шығанағында соңғы алты күннің ішінде кемелерге жасалған алтыншы пираттық шабуыл.
Бүгінде Гвинея шығанағы пираттар тарапынан жасалатын шабуыл жиі орын алатын әлемдік мұхит аумағындағы ең қауіптісі болып табылады. Халықаралық теңіз бюросының (IMB) мәліметінше, ағымдағы жылдың алғашқы тоғыз айында Гвинея шығанағында пираттар кеме борттарынан 80 теңізшіні тұтқынға алған, бұл – теңізде ұрланатын адамдардың жалпы санының 95 пайызы.