Астанада жексенбіде Қазақстан мен Польша құрамаларының арасында өткен ойын қыркүйек айындағы әлем чемпионаты-2018 квалификациялық кезеңінің ең қызық матчтарының ондығына кірді, - деп жазады The Guardian басылымы.
"Польша мен Қазақстан құрамасының ойыншылары осыншалық бәсекелестік көрсетеді деп кім ойлады?", - деп жазады басылым. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, бұл ойын соғылған голдармен ғана емес, сары қағаздардың санымен де ерекшеленеді. (Польшада төртеу, ал Қазақстанда алтау).
"Роберт Левандовски бұдан да қатаң жазалануы тиіс еді, бірақ төреші оны кешірді. "Бавария" командасының футболшысы Елдос Ахметовты шынтағымен ұрып, алаңнан кетіру үшін бар мүмкіндікті жасады. Левандовски бәсекелесіне соққы жасағысы келмеген шығар. Кездейсоқ осылай да болып қалған шығар. Бірақ ол Бауыржан Исламханды мойнынан ұстап алған сәтті айтып түсіндіру қиын. Ал кейінірек Камил Глик Бауыржан Исламханды тіпті төрешінің көзінше теуіп тұрғызбақшы болды", - деп келтіреді Vesti.kz.
Сонымен қатар, Guardian басылымы ойындағы мұндай ерсі қылықтардың себебі деп Артур Боруцтың жазбасын атап өтеді. Матч алдында Польша құрамасының қақпашысы Instagram желісіндегі парақшасына Бораттың суретін жүктеген болатын.