Грузияның орталық сайлау комиссиясы барлық учаскелердегі дауыс санауды аяқтады. Пропорционалдық жүйе бойынша оныншы шақырылымдағы парламентке қай партиялардан қанша депутат баратыны белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Грузия жаңалықтарына сілтеме жасап.
Грузия парламентінде 150 орын бар. Жаңа парламентке барлығы тоғыз партия өтеді.
Депутаттардың көпшілігі парламент сайлауында үшінші рет жеңіске жеткен қазіргі билеуші «Грузин арманы» партиясынан.
Конституцияда қарастырылған ережеге сәйкес, 120 пропорционалдық мандат келесідей бөлінеді:
«Грузин арманы» – 61 мандат (48.15%, 926 959 дауыс)
«Ұлттық қозғалыс – бірліктегі күш» - 35 мандат (27.14%, 522 463 дауыс)
«Еуропалық Грузия» – 5 мандат (3.78%, 72 752 дауыс)
«Агмашенебели стратегиясы» – 4 мандат (3.15%, 60 592 дауыс)
«Лело» – 4 мандат (3.15%, 60 691 дауыс)
«Патриоттар альянсы» – 4 мандат (3.14%, 60 493 дауыс)
«Гирчи» – 4 мандат (2.89%, 55 600 дауыс)
Алеко Элисашвили «Азаматтар» – 2 мандат (1.33%, 25 534 дауыс)
Шалва Нателашвили «Еңбек партиясы» – 1 мандат (1%, 19 281 дауыс) .
Сонымен қатар, «Грузин арманы» 30 мажоритарлық округтің 14-ін жеңіп алды, демек, партия алған мандаттар саны 75-ке дейін өседі.
Осылайша аталған партияға парламенттегі көпшілік пен үкіметті құру және бекіту мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін бір ғана мандат қажет. Ол үшін партия Ол үшін партия 21 қарашада екінші тур өтетін 16 мажоритарлық округтің бірінде жеңіске жетуі керек.
Оппозициялық партиялардың бір бөлігі ОСК жариялаған нәтижелерді заңды деп танымайтынын және Парламентке өтуден бас тартатынын мәлімдейді, бірақ бұл шешім түпкілікті қабылдану-қабылданбауы және қандай партиялар бойкотқа қосылатыны әлі белгісіз.