
Грузияның Карель муниципалитеті Арадети ауылында стратегиялық маңызы бар XVIII ғасырдағы тарихи қамалды қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" newsgeorgia.ge-ге сілтеме жасап.
Сонымен қатар, сәулетшілер қамалдың шығыс бөлігінде орналасқан шағын шіркеуді де қалпына келтірді. Шіркеу қабырғаларының бірінен «1666 жыл» деген жазуды көруге болады. Тарихи деректерге сүйенсек, храм Ростом патшаның әйелі – Мариам патшайымның бұйрығымен салынған.

Сондай-ақ әуелі шіркеу салынып, кейін оның айналасы қамалмен қоршалғаны белгілі.
Сәулетшілердің арқасында жөндеуден өткен қамал алғашқы кейпіне толығымен сәйкес келеді.


