Грузияның батысында магнитудасы 3.5 балл жер сілкінісі болды. Бұл туралы Грузия жаңалықтары сайты хабарлады.
Жерасты дүмпуі 4 қараша күні, Тбилиси уақытымен сағат 23:57-де тіркелген. Зілзала аудан орталығы Ониден (Рача-Лечхуми және Квемо Сванети аймағы) оңтүстікке қарай 9 шақырым жерде болған.
Тереңдігі – 12 шақырым. Қираған ғимараттар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.
Соңғы тәулікте Грузияның батысында үш жер сілкінісі болды.
Сағат 18:04-те және 18:05-те аудан орталығы Онидің маңында және Сахчере қаласына (Имеретия аймағы) жақын жерде магнитудасы 3.5 және 3.6 жерасты дүмпуі тіркелген.