#
#
Сейсенбі 24/11/2020

Грузияда 9 адамды кепілге алған қарулы тұрғын ұсталды

  • 21.11.2020
  • 0
  • 112

Тбилисидегі қаржы ұйымының қызметкерлерін кепілге алған қараулы адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Новости-Грузия сайтына сілтеме жасап.

Кепілге адамдарды алған қарулы адамның ұсталғаны және оқиғадан ешкімнің зардап шекпегені туралы  ақпаратты Тбилиси патрульдік полициясының басшысы Важа Сирадзе растады.

Бүгін қаруланған ер адам қаладағы қаржы ұйымның кеңсесіне баса-көктеп кіріп, 9 адамды кепілге алған.

«Бірнеше сағатқа созылған келіссөздің нәтижесінде кепілге алынған адамдар босатылды, қарулы адам ұсталды», - деді Сирадзе.

Қарулы күдікті өзінің кім екенін жасырмаған. Бірнеше рет желіде тікелей эфирге шыққан. Ол кепілге алған адамдардың босатудың талабы ретінде елде құмар ойындарға тыйым салу, банк несиелерін төмендету, медикаменттер бағасын арзандатуды айтқан.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар