28 шіл, 2021 сағат 12:05

Грета Тунберг коронавирусқа қарсы вакцина салдырды


Экобелсенді Грета Тунберг COVID-19-ға қарсы вакцина салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Грета Twitter-парақшасында мәлімдеді. Ол коронавируса қарсы препараттың бірінші компонентін салдырған. Алайда вакцинаның атауын көрсетпеген.

Швецияда коронавирус инфекциясына қарсы келесі вакциналар мақұлданған: Moderna, Oxford/AstraZeneca, Pfizer/BioNTech.

Сонымен қатар, экобелсенді коронавирусқа қарсы вакцина барлық елде таралмағаны туралы айтты.

"Мен вакцина бар елде өмір сүретініме қуанамын. Себебі, әлемнің барлық елі вакцина алу мүмкіндігіне ие бола алмай жатыр", - деді ол.

Тунберг New York Times басылымының статистикасына сілтеме жасап, әлемде коронавирусқа қарсы вакцина дозаларының 84 пайызы, табысы жоғары және орташа жоғары елдерде ғана бар екенін атап өтті.