05 там, 2021 сағат 13:09

Грекияда өрттің кесірінен Олимпия қалашығының тұрғындары эвакуацияланды


Сәрсенбі күні Грекия аумағындағы өрт салдарынан Ежелгі Олимпия қалашығының тұрғындары эвакуацияланды. Рекорд ыстық салдарынан 24 сағат ішінде елде 100-ден астам жерде орман өрті шықты, деп хабарлайды The New York Post.

Ежелгі Олимпия – ежелгі Олимпиада ойындары басталған және көптеген ғасырлар бойы өткізілген орын.

520-дан астам өрт сөндіруші, 17 команда, 150 өрт сөндіру көлігі, тоғыз тікұшақ және жеті ұшақ дереу өртті сөндіруге жіберілді.

Қазіргі мәлімет бойынша, 1 250 гектар жер өртеніп, 76 үй мен 27 кәсіпорынға қатты зақым келген, 18 үй ішінара бұзылған.

Greek Reporter-дің хабарлағуынша, Гераклея, Пурнари, Пелопио, Платанос және Кафкания ауылдарының тұрғындары да эвакуацияланған. 

«Өртті сөндіруге бар күш-жігерімізді саламыз», - деді Азаматтық қорғаныс бастығы Никос Хардалиас (Nikos Hardalias) Associated Press-ке.

«Ең қиыны – алда. Алдағы күндер мен апталар одан да ауыр болады. Біздің басты мақсатымыз – адамдарды қорғау», - деді ол. 

Харадалиас 24 сағат ішінде 118 орман өрті шыққанын айтты. Билік Олимпия маңындағы Пелопоннестің оңтүстік аймағындағы тұрғындарды эвакуациялауға мәжбүр болды. 

Эвия аралынан 90-ға жуық адамды қайықпен эвакуациялауға тура келгені атап өтілді.

Өрт сәрсенбіде Грекиядағы ауа температурасы 45 градусқа жеткен кезде басталды. Бұл – 1987 жылдан бері тіркелген елдегі бақылау тарихындағы ең жоғары температура.

Б.з.д. 776 жылдан б.з. 393 жылға дейін ойындар өткізілген ежелгі Олимпия 2007 жылы орман өрттерінен зардап шеккен болатын. Ол кезде тілсіз жау ондаған адамның өмірін қиған еді. Сол кезде ежелгі жерлердің қирандылары құтқарылған.