13 шіл, 2021 сағат 15:26

Грекия медицина қызметкерлерінің вакцинациясын міндеттеуге ниетті


Грекия үкіметі вакциналау кампаниясын жандандыру бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дүйсенбі күні Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис пандемиямен күрес бойынша жаңа шаралар кешені туралы жариялады. 

Еуропадағы танымал туристік бағыттардың бірі ретінде Грекия да пандемияның төртінші толқынының таралу қаупіне тап болып отыр. 

Грекия үкіметінің басшысы қарттар үйіндегі, жеке және мемлекеттік ауруханалардағы жергілікті медицина қызметкерлері міндетті түрде COVID-19 вакцинасын алуы керек деп мәлімдеді.

«Ел енді кей адамдардың көзқарасына байланысты жабылмайды. Қауіп Грекияда емес, вакциналанбаған гректерде», - деді К.Мицотакис. 

Вакцина алмаған Грекияның медицина қыхметкерлері 16 тамыздан бастап жұмыстан шеттетіледі. 

Сондай-ақ барларға, кинотеатрларға, театрларға және басқа да көңіл көтеру орындарына тек вакциналанған тұрғындар мен туристер ғана кіре алады. 

11 млн халқы бар Грекияда қазіргі уақытта халықтың 41 %-ы вакцина салдырған.