ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жарыстың алғашқы күнінде екі қазақ балуаны татамиге шығып, екеуі де жұбаныш белдесуінде қарсыластарына жол берді.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жарыстың алғашқы күнінде екі қазақ балуаны татамиге шығып, екеуі де жұбаныш белдесуінде қарсыластарына жол берді.
Елдос Сметов жұбаныш белдесуінде жапондық Шишиме Туремен белдесті. 2015 жылғы әлем чемпионатында Елдосқа есе жіберген жергілікті татами шебері бұл жолы сол есесін қайтара білді. Тартысты өткен кездесудің негізгі уақытында есеп тең түсіп, «алтын ұпай» деп аталатын қосымша кезеңде «юко» әдісін алған татами иесі жеңіске жетті.
Сондай-ақ, 66 келідегі Ерлан Серікжанов та жұбаныш белдесуінде ұтылды. Ол өз тобындағы финалдық кездесуде моңғолиялық балуанға есе жіберді.