Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Kazsport» телеарнасын HD форматына көшіруді сәтті аяқтады. Бұл туралы министр Дәурен Абаев өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Осылайша, отандық телевизияның хабар таратуын жоғары сапаға көшіруге алғашқы қадам жасалып отыр. Атап айту керек, жаңа форматты әзірше «ОТАУ ТВ» операторының 4 миллиондық аудиториясы пайдаланады.Енді, еліміздің басты спорт телеарнасының көрінісі 5 есеге артады. Ал, «Kazsport» «ОТАУ ТВ»-ның тегін пакетіне қосылады. із барлық тест жұмыстарын мақсатты түрде 10 қыркүйек қарсаңында аяқтап отырмыз. Себебі, бүгін барша еліміз даңқты жерлесіміз Геннадий Головкиннің Келл Брукпен жекпе-жегін асыға күтуде. Осы айтулы спорт кешін Сіздер енді мүлде жаңа сапада көресіздер. Ел мерейін асырған жерлесімізге жеңіс тілеймін», – дейді Дәурен Абаев.