18 жел, 2019 сағат 08:36

Головкиннің титулдық жекпе-жегі өтетін күн неліктен өзгерді?

Қазақстандық Геннадий Головкин мен польшалық Камил Шереметтің IBF әлем чемпионы атағы үшін болатын айқасы ақпан айынан наурызға ауысқаны белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы RingPolska берген сұхбатында Шереметтің промоутері айтты. Әуелде жекпе-жек 8 ақпанға жоспарланып, осы айдың 29-ы күні GGG оралуы керек еді. Дегенмен кейінірек бұл күні, яғни 29 ақпанда төрт салмақ дәрежесі бойынша экс-чемпион, жақында ғана Эдди Хирнның Matchroom Boxing компаниясы мен DAZN стримингті платформасымен келісімшарт жасаған Майки Гарсияның дебют жасайтыны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин 5 қазанда жеңіп алған IBF титулын Шереметпен өтетін жекпе-жекте алғаш рет қорғайды.