ESPN Deportes өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян жекпе-жегінің ресми аңдатпасы таяуда жарияланатынын хабарлады, деп жазады Sports.kz.
18 сәуірде Лас-Вегаста мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің допинг ісі бойынша тыңдау өтеді.
Осы күні Головкин-Мартиросян жекпе-жегі туралы жариялануы мүмкін. Басылымның хабарлауынша, боксшылардың промоутерлері Том Леффлер (Головкин) мен Дон Кинг (Мартиросян) белсенді келіссөз жүргізіп жатыр.
Жекпе-жек StubHub Center аренасында (Карсон, Калифорния штаты) өтуі ықтимал, оны HBO (PPV-ның ақылы көрсетілімі болмайды) телеарнасы көрсетеді.