Орта салмақ санатында бұрынғы Еуропа чемпионы, польшалық Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевский орта салмақтағы IBF чемпионы Геннадий Головкинмен айқасуға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
5 қазан күні Шеремета Нью-Йоркте болған Головкин–Деревянченко бокс кешінің андеркардында кездесу өткізіп, мексикалық Оскар Кортесті екінші раундта нокаутпен жеңген еді.
«Біз дайынбыз, Камил Шеремета - тәкаппар спортшы. Ол GGG сияқты бокс аңызымен жекпе-жек өткізуді армандайды. Бұл әрі оның мақсаты», - деді Василевский The Ring-ке берген сұхбатында.
Промоутердің айтуынша, жекпе-жекті 8 немесе 29 ақпанда, қалың поляк диаспорасы отырған Чикагоның Wintrust Arena-сында ұйымдастыруға болады.