26 қар, 2020 сағат 20:50

Головкиннің DAZN-мен шартты қандай жағдайда ұзарта алатыны белгілі болды

Boxingnews24.com сайтының журналисі Барри Холбрук IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин қолданыстағы шарт мерзімі аяқталғаннан кейін DAZN стримингтік сервисімен ынтымақтастықты ұзарта алады деп санайды. 

Бұл туралы Sports.kz хабарлады. 

2019 жылы GGG жалпы сыйақы мөлшері 100 миллион доллар болатын алты жекпе-жек шартына қол қойған еді. Келісім аясында Геннадий әзірге екі жекпе-жек өткізді: Стив Роллсты нокаутқа түсірді және Сергей Деревянченконы жеңді. 18 желтоқсанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Польшадан шыққан Камил Шереметамен жекпе-жекке шығады. 

«Головкиннің DAZN-дағы алдыңғы жекпе-жектері Роллс пен Деревянченкомен өтті. Бұл жекпе-жектердің ауқымы айтарлықтай кең болған жоқ. Сондықтан стриминг басқармасы бұл кездесулер туралы қандай ойда болды деген сұрақ туындайды. Егер Головкин DAZN-мен шарт бойынша қалған төрт жекпе-жегін жеңіліссіз аяқтаса, платформа онымен тағы бір қысқа мерзімді келісімге қол қоюы мүмкін. Бұл жағдайда DAZN онымен тағы екі-үш жекпе-жек бойынша келісімге қол қояды деп күтуге болады», – делінген мақалада.