Boxingscene.com журналисі Клифф Ролд салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) әлемнің үздік боксшыларының рейтинг тұжырымдамасын қайта қарап шықты. Өзі таңдаған бірқатар параметрлерді пайдалана отырып, «бәсекелестік индексін» қайта есептеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Қайта есептеулер бойынша қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы болғанына қарамастан 25 үздік боксшылар қатарына кіре алмады. Рейтингте украиналық Василий Ломаченко (14-1, 10 КО) көш бастап тұр. Сондай-ақ үздік үштікке Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) және Эррол Спенс (26-0, 21 КО) енді.
Алғашқы ондықтағылар: Наоя Иноуэ, Джой Тейлор, Кен Сиро, Хирото Кёгути, Мигель Берчельт, Теренс Кроуфорд и Александр Усик. Олардан кейінгі үздік деп танылған боксшылар: Джош Уоррингтон, Эмануэль Наваррете, Майки Гарсия, Хуан Франсиско Эстрада, Косей Танака, Срисакет Сор Рунгвисай, Энтони Джошуа, Лео Санта Крус, Тайсон Фьюри, Хосе Рамирес, Каллум Смит, Деонтей Уайлдер, Артур Бетербиев, Джейсон Росарио, Дмитрий Бивол, Теофимо Лопес, Муроджон Ахмадалиев.