Баста деген лақапатпен танымал музыкант Василий Вакуленко қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Нью-Йорктегі жекпе-жегінде Скриптонит (Әділ Жәлелов) ән салғанын қалайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Геннадий Головкинмен сөйлесіп тұрамын. Ол жекпе-жектерінің бірінде Скриптонит ән салғанын қалайтынын айтты. Алдында (шайқас. - ескерт.) Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де. Ол ойы орындалмады. Бірақ оның өзі өте керемет. Себебі Скриптонит қазақы музыканы бейнелейді. Ол өзін-өзі қалыптастырған адам. Геннадий сияқты - аңыз адам", - деді Вакуленко "Руки выше" youtube-арнасына берген сұхбатында.
Головкинмен қарым-қатынасы туралы айта отырып, Баста қайырымдылық аукционында боксшы сыйға тартқан қолғапты ойнатқанын есіне алды.
"Бір керемет сәт болды. Ол HBO үшін фильм түсірген еді. Онда Гена "Сансара" атты өлеңімді қолданған (2017 жылы шыққан Бастаның әні. - ескерт.)", - деді Баста.