Boxingscene.com Головкиннің 5 мамырдағы жекпе-жегі болмайтын болса, қазақстандық боксшы ұзақ уақыт рингке шыға алмай қалуы мүмкін екендігін мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.
5 мамырға жоспарланған GGG-ге жекпе-жек қарсылас табудың қиындығына байланысты өткізілмей қалуы да мүмкін. Басылым хабарлағандай, егер Головкин мамырда рингке шықпаса, Альвареспен өтетін қарымта жекпе-жекке дейін шары алаңға шығуы екіталай болмақ.
Егер «Канело» рингтен 6 айға шеттетілсе, болуы мүмкін реванш 15 қыркүйекке, яғни Мексиканың Тәуелсіздік күніне жақындайды. Дереккөздің мәліметінше, Альварестің өзі де қарымта жекпе-жекке дейін Головкиннің басқа жарыстарға қатысуын қаламайды екен.
Алайда, егер Альварестің дисквалификация мерзімі алты айдан да ұзаққа созылса, Головкин қарымтаға дейін басқа қарсыласпен қолғап түйістіруі мүмкін.