24 қыр, 2020 сағат 06:19

Головкин - Шеремета жекпе-жегі қайда, қашан өтетіні белгілі болды

IBF/IBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлемс чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегінде міндетті үміткер, Польша боксшысы Камил Шереметамен кездеседі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

The Athletic инсайдері Майк Коппинджер айқастың 21 қарашада АҚШ-та болатынын хабарлаған. Оның әріптесі Лэнс Лэнс Пагмайр жекпе-жектің Калифорния штатындағы Карсонда, Dignity Health Sports Park аренасында өтетіні болжанып отырғанын нақтылады.

Атап өтсек, Геннадий бұрын StubHub Center деп аталған бұл алаңда жұдырықтасқан болатын.

Қазіргі кезде GGG сол штаттың Биг Беар деген жерінде дайындық жүргізуде, ал Шеремета өз отанында жаттығып жатыр.