Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы боксшылар рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
Өткен жылдың желтоқсан айында Польша спортшысы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа жіберіп, титулын сәтті қорғап шыққан қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) аталған санаттағы әлем чемпионы болып табылады.
Рейтингтің жаңартылған релизінде алғашқы екі орын бос. GGG-мен жұдырықтасқанша тізімде үшінші орында болған Шеремета оныншы орынға сырғыды, ал оның орнын Германия өкілі Патрик Войцицки (14-0-1, 5 КО) басқан. Головкиннің болуы мүмкін қарсыласы, мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) тізімде содан кейін тұр.
Атап өтейік, IBF әзірге Головкин мен Войницкидің жекпе-жегін ресми түрде белгілеген жоқ.
IBF-тің орта салмақтағы ТОП-15 рейтингінде сондай-ақ Қазақстанның тағы үш өкілі мен бір тумасы бар: Мейірім Нұрсұлтанов (14-0, 8 КО) – 9-шы орын, Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) – 11-ші орын, ал Германия үшін рингке шығып жүрген Анатолий Мұратов (22-2-1, 15 КО) – 13-ші және Қанат Ислам (27-0, 21 КО) — 14-ші орын.