03 жел, 2020 сағат 07:35

Головкин мен Шеремета допинг сынамасын тапсырады

Орта салмақта IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен оның қарсыласы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) 18 желтоқсандағы жекпе-жек алдында Ерікті допингке қарсы агенттігінің (VADA) бағдарламасына қатысты, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Боксшылар айқасқа дейін және одан кейін тыйым салынатын заттарды қолдануға тексеруден өтеді. 

«VADA Testing 18 желтоқсанда өтетін жекпе-жек алдында Геннадий Головкин мен Камил Шереметаны біздің бағдарламаға шақырады», - делінген ұйымның хабарламасында. 

Еске сала кетейік, Головкин-Шеремета жекпе-жегі Қазақстан уақыты бойынша 19 желтоқсан таңертең АҚШ-тың Флорида штатындағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтеді.