13 сәу, 2018 сағат 10:36

Головкин кешірім сұраған Альвареске қатысты пікір білдірді (Видео)

WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин допинг-сынақтан өте алмай, реванш жекпе-жектен бас тартқан соң кешірім сұраған Сауль "Канело" Альварестің сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

"Канело" деген кім? Бәрі "Канело" Мексиканың жарық жұлдызы деп жатады. Соңғы баспасөз мәслихатында ол кешірім сұрап, қателескенін айтты. Бұл сорақылық. Ол жұлдыз емес және бокс үшін маңызды амбассадор болып табылмайды. Ол нашар адам. Бірақ егер жұрт біздің жекпе-жегімізді қалап жатса, әрине, мен келісемін. Өзімді өте жақсы сезінемін. Жай ғана күтіп отырмын. Ал "Канело" ше? Оның "кешіріңіздер" деп мүәйімсіп отырғаны есімде. Кетші әрмен!", — деді Головкин баспасөз-мәслихатында.