Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе-жекте даулы нәтижелердің қайталану мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inform.kz агенттігі sports.kz порталына сілтеме жасап.
«Біз алдағы айқаста жеңімпаз стратегиямызды жалғастырамыз. Төрешілерге ықпал жүргізе алмаймыз. Тек бұл жолы олар өткендегіге қарағанда әділ шешім шығарады деп үміттенеміз», - деді Головкин.
Еске сала кетейік, боксшылардың алғашқы жекпе-жегі күмәнді тең нәтижемен аяқталып, артынша біраз дау-дамай болған еді. Төрешілердің шешімі былай болған: Аделаида Берд - 118-110 «Канелоның» пайдасына, Дон Трелла - 114-114 (ол Головкиннің үздік жетінші раундын «Канелоға» берген), Дэйв Моретти - 115-113 Головкиннің пайдасына.