21 қыр, 2018 сағат 16:32

Головкин «Канелодан» жеңілгеннен кейін сұхбат беруден неліктен бас тартты?

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес «Канеломен» реванштың нәтижесі жарияланғаннан кейін GGG неліктен бірден рингтен түсіп, Макс Келлерманға сұхбат бермегенін түсіндірді, деп хабарлайды inform.kz агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Еске салайық, жекпе-жек төрешілердің басым көпшілігінің шешімімен мексикалықтың жеңісімен аяқталған еді.

«Рингте үлкен қуанышты сәттер болып жатқандықтан, Геннадий мені шақырып алып: «Бұл оның сәті. Оған уақыт беріңдер», - деді. Біздің сұхбат беруге уақытымыз кейінірек те болады. Ол «Канелоға» сол сәттен ләззат алуға мүмкіндік бергісі келді. Көптеген сөздер айтылды, бірнеше тақырыптар қозғалды. Бірақ ол сәтті бұзатындай еш себеп жоқ. Бұл, «Канелоның» сәті болып қала берсін», - деп жазды Санчес Reddit-тегі (әлеуметтік жаңалықтар сайты) өз конференциясында.