ESPN телеарнасына тиесілі сайт барлық салмақ дәрежелеріндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Өткен демалыстардың қорытындыларына сәйкес, орта салмақ дәрежесіндегі ТОП-10-да өзгерістер орын алған. Бұған дейін аталмыш тізімде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин көш бастап тұрған еді. Төрешілердің шешімімен Сауль Альварестен жеңіліс тапқан GGG екінші орынға сырғып, оның қарсыласы «Канело» бірінші орынға көтерілді. Үшінші орынға Дэниэл Джейкобс орналасқан.
Тізімнің жалғасы төмендегідей:
4. Билли Джо Сондерс
5. Джермалл Чарло
6. Сергей Деревянченко
7. Давид Лемье
8. Риота Мурата
9. Мартин Мюррей
10. Деметриус Эндрейд