WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің твиттердегі және Youtube-тегі парақшаларында Келл Брукке қарсы дайындығының видеосын жариялады.
Айта кетейік, Головкин Лондондағы 20 мыңдық O2 аренасында британдық Келл Брукты бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтып, өз атағын қорғап қалған болатын. Жерлесіміз осы жеңісі үшін 3 миллион фунт стерлинг (4 миллион доллар) гонорар алды. Сол секілді Брукте дәл осындай табысқа кенеледі. Бұл рекордтық сома. Бұған дейін Головкин ең көп табысын Доминик Уэйд пен Давид Лемьеге қарсы өткізген жекпе-жектерінде алған. Ол кезде гонорар көлемі – 2 миллион доллар болған еді.