Қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатын өткізді.
Мұның алдында боксшылар ортақ баспасөз мәслихатын өткізуден бас тартқан еді. Олардың "бір-бірін көргісі келмейтіні" айтылған болатын.
Головкиннің баспасөз мәслихаты Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Palm мейрамханасында өтті, онда келген қонақтарға "VADA мақұлдаған" тағамдар берілді, - деп хабарлайды vRINGe.com.
Осылайша, қазақстандық боксшының командасы допингпен ұсталған Альварестің тамаққа қолданылған еттің құрамы таза емес болды деген сылтауы үшін мексикалықты мазақ етті.