23 қаз, 2018 сағат 12:33

GGG промоутері: Қарымта айқасқа Гена емес, «Канело» мүдделі

Промоутер Том Леффлер Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі бұрынғы чемпионға қарағанда мексикалық боксшыға көбірек қажет екенін айтты, деп жазады Sports.kz.

Боксшылардың алғашқы айқасы тең нәтижемен аяқталса, екінші айқаста төрешілер жеңісті Альвареске берген болатын.

«Геннадий «Канеломен» жекпе-жекке әрдайым дайын. Біз Головкин оны екі ет жеңді деп санаймыз. Үшінші рет айқас өткізбеуге ешқандай себеп жоқ. Сондай-ақ, біз бұған GGG-ге қарағанда «Канело» мүдделі деп есептейміз. Себебі, Сауль өз жанкүйерлеріне әділ және адал түрде жеңгенін дәлелдеуі керек.

Алғашқы айқас жақсы болды, екіншісі одан да керемет. Үшінші жекпе-жек бәрінен де қызықты болады деп ойлаймын. Оны жасай аламыз ба, көреміз. Мен Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомеспен үнемі байланыстамын. Трилогияны ұйымдастыра аламыз ба, көре жатармыз», - деді Леффлер ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.