Филиппиндік атақты боксшы Мэнни Пакьяо қазақстандық Геннадий Головкин ұлыбританиялық Келл Брукке қарсы жекпе-жекте нокаутпен жеңеді деп мәлімдеді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
"GGG - құбыжық. Ол кездесуді нокаутпен аяқтайды", - деп болжады Пакьяо Головкин - Брук жекпе-жегін.
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брук (36-0, 25 КО) кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арнаары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады.