Германиядағы Фройденберг қаласында халықтық мереке кезінде жарылыс болып, кем дегенде 14 адам зардап шекті. Олардың алтауының жағдайы аса ауыр, деп хабарлайды FOCUS Online басылымы.
Алдын ала деректерге қарағанда, жарылыс қайнап жатқан майға судың төгілуінен болуы мүмкін. Оқыс оқиға болған шақта Фройденбергте жаңбыр жауып тұрған.
Тергеу жұмыстарын қылмыстық полиция жүргізуде. Ауыр жарақат алған адамдарды тікұшақ Рурск облысы мен Кельндегі ауруханаларға жеткізді.