23 там, 2021 сағат 09:57

Германияда жолаушылар пойызының машинистері екі күнге жұмысын тоқтатады


Германияда жолаушылар пойызының машинистері дүйсенбі түнгі екіден бастап 25 тамыз түнгі екіге дейін жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА dw.com-ге сілтеме жасап.

Бұл ереуілге GDL Неміс машинистер кәсіподағы Deutsche Bahn концернінің басшылығымен тарифке қатысты келіссөз жүргізу барысында шақырды. Ереуілдің салдары елдегі миллиондаған жолаушыға әсер етеді. 

Германияда тауар таситын пойыз машинистерінің ереуілі 21 тамыз күні басталды. GDL кәсіподағы осы жылы машинистердің айлығын 3,2%-ға өсіруді, сонымен қатар 600 еуро көлеміндегі бір жолғы төлем беруді сұрап отыр. Deutsche Bahn айлықты екі кезеңмен өсіруді ұсынды. 2022 жылдың 1 қаңтары 1,5%-ға өсірілсе, 2023 жылдың 1 наурызы машинистер жалақысы 1,7%-ға көтерілмек. 

Алайда GDL EVG ірі теміржол және көлік қызметкерлері кәсіподағымен жасалған ұжымдық тарифтік келісімшарт сияқты бұл шарттарды жеткіліксіз санайды. 

Осы ереуіл келіссөздердің екінші кезеңі болып отыр. Бірінші кезең 13 тамыз күні басталып, екі күнге созылған.