22 мау, 2021 сағат 09:54

Германияда қоқыс жәшігінен XVII ғасырдың құнды туындылары табылды


Неміс полициясына 64 жастағы жергілікті тұрғын қоңырау шалып, Оренбах қаласының маңында орналасқан аялдамадағы қоқыс жәшігінен XVII ғасырдың екі суретін тапқандығын мәлім еткен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" The Guardian-ға сілтеме жасап.

Офицерлердің айтуынша, олар полотноларды бағалау үшін тапсырған өнертанушылар майлы суреттердің екеуі де түпнұсқа деген қорытындыға келген.

Сарапшылар баланың портретін бейнелейтін суреттердің бірін Рембрандттың шәкірті, голландиялық суретші Самуэл ван Хугстратен (1627-1678) салуы мүмкін деп санайды. Бұл туындының жасалған күні әлі белгісіз.

Ал екіншісі - венециялық суретші Пьетро Беллоттидің шығармасы. 

1665 жыл деп жазылған кенепте шебер өз автопортретін салған.